Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, полиция жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды. Келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады.
Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағанды қаласына жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген. Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты, - делінген мәліметте.
Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді