Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАқтөбедегі тікұшақ апаты кезінде зардап шеккен екі әскери ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар екі әскеридің сүйектері сынып, денелері күйік шалғанын айтқан болатын. Дәрігерлердің көмегінің арқасында бүгінде олардың жағдайы жақсарып, үйлеріне шығарылды. Дегенмен олар мамандардың бақылауында бола бермек.
Еске салсақ, 9 қарашада Ақтөбе облысында оқу-жаттығу кезінде Қорғаныс министрлігіне қарасты «Ми-8» тікұшағы апатты жағдайда қонып, бір адам қайтыс болды. Екі әскери шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға Мәртөк ауданының аумағында болған. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ақтөбеде облысында болған тікұшақ апатының алдын ала себебін айтты.
Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Бүгiн, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Бүгiн, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?