Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС-ның қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсаты болмаса да жұмыс істеген.
Осы кезеңдегі барлық эмиссия, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды.
Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін 2,9 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.
Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.
Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?