Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе қаласында бау-бақша ұжымдарында аралау жұмыстары жүргізілуде. ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері Жаңақоныс тұрғын алабындағы арналар мен нөсер ағындарын қардан тазарту бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, тұрғын алапта барлығы 500 текше метр қар тазартылды. Сондай-ақ облыс көлемінде төтенше жағдайлар депаттаменті мен жергілікті атқару орган күшімен су басқан аумақтардағы қарды шығару, су ағындарын тазарту, жағалауларды нығайту, бөгеттерді салу және суды ағызу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде облыс аумағынан 58 100 текше метр қар шығарылды.
Ақтөбе облысының өзендерінде 300 шаршы метр өзен арнасы қамыстан тазартылып, 1730 текше метр су сору жұмыстары жүзеге асырылды. Сондай-ақ 580 текше метр мұз кесіліп, 165 шұңқыр бұрғыланды. Ал Ойыл ауданының Берсиев ауылы, Сарқырауық ауылы, Ақмешіт, Ойыл, Ашықбай ауылында 3600 шаршы метр аумақта жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?