Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАқтөбе облысында су тасқынымен күресушілер үшін 1000-нан астам арнайы киім жиынтығы тегін тігілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ГЛОБАЛ-Спецодежда» тігін кәсіпорнының шеберлері Ақтөбе облысында күндіз-түні су тасқынымен күресушілерге 1057 бірлік арнайы киім тіккен. Ыңғайлы және жылы киім жиынтықтары Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының құтқарушылары мен еріктілеріне тегін таратылды.
«Көктемгі су тасқыны біздің аймақтың тұрғындарын әбігерге салды. Біз осындай қолайсыз ауа-райында еңбектеніп, тұрғындарға көмектесіп жатқан жандарға өз үлесімізді қосқымыз келді. Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - деді кәсіпорын басшысы Надежда Шабаева.
Айта кетейік, «ГЛОБАЛ-Спецодежда» қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде де белсенділік танытуда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар