Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесАқтөбеде су тасқынына қарсы штабтың отырысы кезінде облыс әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайдың алдын алу іс-шараларының орындалу барысын зерделеп, су басу қаупін азайту бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында өңір аумағындағы су тасқыны жағдайы туралы «Қазгидромет» филиалының директоры Айгүл Саймова, облыстық «Қазсушар» филиалының директоры Ринат Шәуенов, қала әкімі Азамат Бекет, ТЖД басшысының орынбасары Айбат Жанабергенов және бірқатар аудан әкімдері баяндама жасады.
Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Айбат Жанабергеновтің мәліметіне сәйкес, өңір орталығы мен бірнеше ауданда өзендердің қауіпті аумақтарында жүргізілген мұз жару жұмыстары аяқталды. Еріген қар суларын сору, қар шығару, су арналарын кеңейту, арықтар мен су өткізгіш құбырларды тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда.
Ойыл ауданының Ойыл ауылы аумағында су шайған өткелді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өңір басшысы ауылдың кіреберісіндегі Ойыл өзені арқылы техникалық көпір салу жұмыстарын жедел аяқтауды қатаң тапсырды. Ал аудан әкімдеріне көктемгі тасқын кезінде автожолдардың су басу қаупі басым проблемалық учаскелерін жіті бақылауға алу жауапкершілігі жүктелді.
Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді