Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАқтөбедегі Үстел теннисі орталығында жыл сайын өтетін «Жаңа белес» спорт саласындағы үздіктерді марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, спортшылар және спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты.
Облыс әкімі Асхат Шахаров өз сөзінде Ақтөбе спортшыларының жетістіктерін атап өтіп, 2024 жылы аймақтың спортшылары 65 алтын, 59 күміс, 112 қола медаль жеңіп алғанын айтты. Ол спорт инфрақұрылымын дамыту және жас таланттарды қолдау жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
Бұл жылы облыста 61 жаңа спорт нысаны салынып, келесі жылы 11 ауыспалы спорт кешені мен 12 жаңа нысанның құрылысы жоспарлануда.
Шара барысында 37 спортшы үздік деп танылып, марапатталды. Олардың арасында дзюдошылар Есет Қуанов, Аруна Жангелдина, Бақыт Қосақбаева, әлем чемпионы Айдын Төлепбаев және басқа да спортшылар бар. Спортшылардың көрсетілімдері де ұйымдастырылды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар