Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбеде полиция қызметкері қызметтік қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, салдарынан танысына оқ атқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 25 наурызға қараған түні болған. Бұл жөнінде Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты.
Құқық қорғау органы қызметкері қауіпсіздік ережелерін бұзып, абайсызда қызметтік қарудан оқ атқан. Нәтижесінде оның танысы жарақат алды, – делінген ведомство хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы – «Салғырттық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Оқ атқан полиция қызметкері қызметтік міндетінен уақытша шеттетілді. Тергеу барысы Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бақылауында екені атап өтілді.
Ал жарақат алған азамат бірден ауруханаға жеткізілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шегушіге шұғыл медициналық көмек көрсетілген.
Науқас 25 наурызда оқ жарақатымен түсті. Оған алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты, ауруханада ем қабылдап жатыр, – деді басқарма өкілдері.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?