13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАқтөбеде полицейлердің ер адамды құтқару сәті бейнежетонға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
13 қаңтар түнгі уақытта учаскелік полиция пунктінде қызметте болған полиция инспекторлары Мерген Байжанов пен Нұрхат Салимгереев жергілікті тұрғыннан түсініксіз мазмұндағы телефон хабарламасын алған. Онда ер адам өзі алыс жол жүріп кеткенін жазып, полицейлерден жарты сағаттан кейін үйіне жедел тергеу тобын жіберуді өтінген. Полицейлер дереу оның мекенжайына шықты.
Үйге жақындаған кезде олар үй иесінің жіпке асылып тұрғанын көрген. Полиция капитаны Н.Салимгереев ер адамды дереу көтеріп алып, әріптесі Мерген Байжанов оның мойнындағы жіпті кесіп үлгерген. Ес-түссіз жағдайда болған тұрғынға олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды.
Қазіргі уақытта 31 жастағы ер адамның жағдайы қалыпты. Мұндай қадамға ол отбасылық кикілжің салдарынан барған.
Күндіз ғана бұл азаматты қаладағы сауда орындарының бірінен көріп, амандасқан болатынбыз. Оның жол жүріп кеткенін айтқан хабарламасы бірден күдік тудырып, жедел жеттік. Ең бастысы, әрине, оның амандығы, – дейді әкімшілік аумағын жиі аралап, әрбір тұрғынды жақсы танитын Нұрхат Салимгереев.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды