Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбе қаласында өртенген үйден 4 және 10 жастағы екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін таңғы сағат 04:08-де тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Жангелдин көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп, шатырға ұласқаны анықталды. Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Барлығы үйде 5 адам болған. Өрт сағат 04:41-де оқшауланып, 04:49-да сөндірілді. Өрттің ауданы - 40 шаршы метр, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер