Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе қаласында №23 орта мектеп-лицейінен өрт шықты. Мектептегі 900-ден астам оқушы мен мұғалім эвакуцияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға бүгін сағат 08:01-де тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Сәтпаев көшесінде орналасқан №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Шақырту орнына жедел түрде 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілді.
«Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 1-қабатта орналасқан кабинеттің жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мектеп-лицейден 890 оқушы және 60 мұғалім эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілді. Өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, қысқа тұйықталуға жол бермеу ережесін қатаң сақтаған жөн.
Мәселен, электр сымдарының, ажыратқыштардың жарамдылығын үнемі тексеру керек.
Сонымен бірге ұшқын шығаратын және сынып тұрған розеткалар мен ажыратқыштарды қолданбаған дұрыс. Электр тогымен жұмысты арнайы мамандар атқаруы тиіс.
«Розеткаларды электр құрылғыларымен толтырмаған жөн. Электр желісіне шамадан тыс жүк түссе, автоматты өшіру құрылғысы маңызды рөл атқарады. Үйде жөндеу және шаруашылық жұмыстарын мұқият жүргізіңіз»,- деп ескертті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады