28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарӘлеуметтік желіде Ақтөбедегі оқушылар сынып жетекшісінің тойына тосынсый жасап барған видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екінші сынып оқушыларының бұл әрекеті ұстазының ғана емес, Қазнет қолданушыларының да көңілін босатты.
Оқушылар ұстазын айтулы күнмен құттықтап қана қоймай, оған ән арнаған.
Жас мұғалім мұндайды мүлде күтпегенін, оқушылары шынымен де көңілін серпілтіп тастағанын айтты.
2021 жылдан бастап 1 «Г» сыныбына жетекшілік еттім. Ата-аналармен де, балапандармен де бірігіп көптеген жұмыс атқардық. Ата-аналар өте белсенді болды, шүкір. Қай жағынан да қолдау өте күшті болды. Мен тұрмысқа шығамын дегеннен бастап бір-бірімізді қимадық, жылап та алдық, екі жыл деген аз уақыт емес. Сол уақыт ішінде балапандарыңызды маған сеніп тапсырғандарыңызға алғысым шексіз. Сіздердей қолдаушылары бар оқушыларымның болашақта үлкен белестерді бағындыратынына сенімім мол. Әр оқушымның орны мен үшін бір төбе. Керемет тосынсый ұйымдастырып, өлеңнің сөзін жазып, оқушыларыма орындатқан ата-аналарыма, оқушыларыма алғысым шексіз, – деп жазды ол.
Педагогтің сөзіне қарағанда, әннің сөзін балалардың өздері жазған, оны өңдеуге ата-аналары көмектескен.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?