18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ақтөбе облысында оқу-жаттығу кезінде Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақ апатты жағдайда қонып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының маңында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді. Құтқарушылар өртті жойды. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйесек, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр