Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтөбедегі №55 орта мектеп есепшісі 400 млн теңге ақшаны заңсыз иемденіп, оны құмар ойынға салып жібергені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Сотталушы соңғы сөзінде өз кінәсін толық мойындап, анасынан кешірім сұрады.
Мен тергеу органдарына үнемі көмектестім. Өз ісімді жасырмадым, мойындадым. Мені қатаң жазаламауды сұраймын. Осы сәтті пайдаланып мен анамнан кешірім сұраймын, - деді сотталушы.
Сот үкімімен ол айыпты деп танылып, Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша 7 жылға бас бостандығанан айырылды. Ол 10 жыл бойы қаржыға жауапты қызметте еңбек ете алмайды.
Судья Ақтөбе облыстық білім басқармасының азаматтық талап арызын қанағаттандырып, сотталушыдан 413 млн теңгеден астам шығынды өтеуге міндеттеді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?