Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбеде көрші өңірлерден есірткі жеткізу арнасы жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп Ақтөбе қаласында есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар кешенін өткізу барысында 39 және 51 жастағы облыс орталығының тұрғындарын үстады.
Оқиға орнын тексеру кезінде, көппәтерлі үйдің кіреберіс есігінің алдында марихуана есірткісіне ұқсас пакет табылып, тәркіленді. Бұдан әрі қызметтік итті қолдана отырып, үсталғандардың біреуіне тиесілі автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан өсімдік тектес заттар салынған 1 пакет, сондай-ақ 6 патроны бар тіркеу нөмірлері жоқ тапанша табылды және тәркіленді. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша пәтердің балконынан жасыл түсті заттар салынған 1 орама тәркіленді.
Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттар жалпы салмағы 14,5 келіден асатын марихуана есірткі заты болып шықты. Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?