Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтөбеде жантүршігерлік қылмыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Базарға көлігін сатамын деп кеткен 55 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті. Әйел байланысқа шықпаған соң туыстары полицияға хабарлаған. Көмекке жергілікті волонтерлер де келген.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі ізін суытпай ер адамның ұсталғанын мәлімдеді. Жоғалған ақтөбелік әйелдің көлігі күдіктінің гаражынан анықталды. Көп ұзамай әйелдің денесі қаланың шетінен табылды.
Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды. Іске байланысты сараптама тағайындалды, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу Полиция департаментінің басшысының жеке бақылауында, - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс