Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАқтөбеде өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметінше, күдікті бизнес өкілдерін қылмыстық қудалаумен қорқытып, "мәселені шешу" үшін ірі көлемде ақша талап еткен. Ол қысым көрсету үшін жәбірленушілерге қатысты құпия ақпараттарды пайдаланған.
Мысалы, ол ЖШС-нің кадр бөлімінің басшысынан 5 миллион теңге талап еткен, ал ұсталуы кезінде көлігінен 4 миллион теңге тәркіленді.
Аталған іс бойынша ҚР ҚК 194-бабы (Бопсалау) бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл бап 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағылық танытып, мұндай жағдайлар орын алса, бірден полицияға хабар беруге шақырады. Барлық шағымданушылардың анонимдігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік