23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбеде ішімдікке сылқия тойған әйел полиция формасын киіп жүргені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, 19 мамырында жедел басқару орталығының 102 телефонына қаладағы «Есет батыр» шағын ауданында мас күйінде полиция қызметкері түріндегі қыз жүргені туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған мекен-жайға барған учаскелік полиция инспекторы полицияға ешқандай қатысы жоқ 29 жастағы қызды ұстап учаскелік полиция пунктіне жеткізді.
Қазіргі уақытта қыз ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 434 бабы (ұсақ бұзақылық) және 675 бабы (айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша хаттама толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді, - делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ ол полиция қызметкерінің формасын қайдан алғаны анықталып жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады