Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбе қаласының прокуратурасы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда орналасқан инвесторларға арналған жеңілдетілген тарифтің қолданылмау фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу қағидаларына сәйкес, аталған аймақтарда «Энергосистема» ЖШС-і электр энергиясына «жеңілдетілген тариф» қолдануға міндетті.
Алайда 17 инвестор тұтынылған электр энергиясы үшін заңды тұлғаларға белгіленген жалпы тариф — 1 кВт сағ үшін 49,99 теңге мөлшерінде ақы төлеген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде «Энергосистема» ЖШС аталған кәсіпкерлерге 1 кВт сағ үшін 38,86 теңге мөлшерінде «жеңілдетілген тариф» белгіледі.
Осылайша, инвесторлар үшін электр энергиясының тарифі 49,99 теңгеден 38,86 теңгеге дейін төмендетілді.
Бұл шара инвесторлардың шығындарын азайтып, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Прокуратура араласқаннан кейін инвесторлардың құқықтары қалпына келтірілді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі