6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМинистр Саясат Нұрбектің Ұлыбританияға іссапары аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі, Heriot-Watt университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Эдинбург қаласында өткен кездесуде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова және Heriot-Watt университеті меморандум аясында жүзеге асатын қадамдарды нақтылап, бірлесе атқаратын жұмыстар бойынша жоспар құрды.
Айта кетейік, бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім беру жүйесін экономиканың сұраныстарына сай қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, оның ішінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жолымен іске асады деп күтіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі