Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАқтөбенің Қобда ауданы аумағында газ құю бекетінің резервуары өртенді. Сонымен бірге сұйытылған отын тасымалдаған көліктен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 17 шілде түнгі сағат 00.07-де тіркелді. 112 құтқару қызметіне Қобда ауданы Самара-Шымкент тасжолының 616 шақырымындағы «Эталон газ» газ құю стансасының жерасты резервуары және газ тасыған көліктің артқы жағынан газ жанғаны туралы хабар түсті.
Сонымен қатар оқиға орнына ТЖД басшылығы барып, жағдайды бақылап, өрттің дер кезінде сөндірілуін қадағалады. Өрт сөндірушілердің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында өрт басқа обьектілерге тарамады. 20 тонналық көлік пен қасында тұрған газель қауіпсіз жерге әкеткен соң бүлінбеді. Өрт сағат 01:50-де оқшауланып, 02:15-те сөндірілді. Зардап шекккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң бақылауды ескертеді,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Жалынды сөндіруге 20-дан астам өрт сөндіруші мен 5 техника жұмылдырылған.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес