23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбеде жедел іс-шаралар барысында есірткілік масаң күйінде көлік жүргізген 31 жастағы рэп орындаушысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тінту кезінде өнер иесінен ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін көрсеткен.
Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды,-делінген полиция мәліметінде.
Әлеуметтік желіде тараған бейресми мәліметке сүйенсек, ұсталған өнер иесі Qarakesek лақап атымен танымал Омар Амантаев екені айтылған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік