Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбеде полиция қызметкерлері үш трансформаторды ұрлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында күдікті наурыз айының соңында манипулятор жалдап, үш электр трансформаторын ұрлағаны анықталды.
Бір жағдайда ер адам Алға қаласының маңында ұрлық жасаған. Қалған екі жағдайда ол трансформаторларды облыс орталығында салынып жатқан кемпинг пен электр қосалқы станциясының құрылыс алаңынан ұрлаған. Қылмыстан келтірілген жалпы шығын шамамен 3 миллион теңгені құрады. Ұрланған трансформаторларды күдікті сатпақ болған. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.
Полиция кәсіпкерлерді құрылыс алаңдары мен кәсіпкерлік объектілерінің аумақтарын бейнебақылау камераларымен жарақтандыруға және ұрлықтың алдын алу мақсатында тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етуге шақырады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер