30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқтөбе өңірінде 10 тамыз - Абай күнінде барлығы 35 ұл мен қыз дүниеге келді. Оның екеуіне ұлы ақынның есімі берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімінің орынбасары Әсет Оралбаев жас аналар Айзана мен Ақгүлді нәрестелерін дүниеге әкелген күнімен құттықтау үшін перзентханаға барып, шаһар басшысының атынан домбыра сыйға тартты.
Абай күні қарсаңында дүниеге келген перзенттеріңіз – рух пен даналықтың, үміт пен нұрдың белгісіндей. Ұлы ойшылдың өнегесімен, халқымыздың асыл мұраттарымен сусындап, жүрегі мейірімге, сөзі парасатқа толы, еліне сүйікті азамат болып өссін!,– деді ол.
Абайлардың біріншісі таңғы 5:15-те, ал екіншісі Абай Абайбекұлы екі сағаттан кейін - 7:00-де дүние есігін ашқан. Бір қызығы, екеуі де отбасының тұңғыш перзенттері.
Есімім - Айзана. Бүгін Ақтөбе перинаталдық орталығының ақхалатты абзал жандарының арқасында тұңғышымызды дүниеге әкелдім. Есімін ақын Абайдың 180 жылдық тойына орай, отбасымыздың шешімімен Абай деп атадық. Абайдың әкесі Абайбек ұлы ақынның 165 жылдығында дүниеге келгенін айтқым келеді. 25 жылдан кейін тағы бір Абай өмірге келді. Қуанышымызға ортақтасып жатқан халқымызға алғысым шексіз. Ұлдарымыз еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болып өссін, - деді қуанышымен бөліскен жас ана.
Әкімдік ақпаратынша, бүгін Абай күнінде Ақтөбеде 21 ұл мен 14 қыз бала жарық дүние есігін ашты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды