Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында ауылдық елдімекендерді газдандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Энергетика және ТҮКШ басқармасының дерегіне сәйкес, Құмқұдық, Нұра, Аманкөл, Әлімбет, Қаратаусай, Байтұрасай, Мұғалжар, Жарық, Алтықарасу, Еңбекші, Екпетал, Құдықсай ауылдарына газ тартылады. Нәтижесінде 843 мыңнан астам адам немесе халықтың 94,4%-ы көгілдір отынмен қамтылады деп күтілуде.
Бұл – ауылдағы өмір сапасына оң әсер ететін маңызды жобалар. Оларды уақытылы және сапалы іске асыру қажет. Басты мәселе – Ақтөбе қаласында газ құбыры-тармағының үшінші тізбегін салу, оның оң шешімі облыс орталығын одан әрі дамыту үшін үлкен маңызға ие. Құрылысты тезірек бастау мүмкіндігін қарастыру керек, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
«Бұқара-Орал» магистральды газ құбырынан бұрылатын құбырдың үшінші желісін салу Ақтөбе қаласын, оған іргелес елдімекендерді үздіксіз газбен жабдықтау және Ақтөбе облысында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажет. Жобаның жалпы құны 43,4 млрд.теңгені құрайды.
2023 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарына бюджеттен 4,9 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алулар рәсімдері өткізіліп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?