7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Ақтөбе облысы Қобда ауданында мектеп оқушылары белгісіз тәттіден уланып қалды. Оқиға кеше 18 ақпанда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір оқушы бала мектепке тәтті алып барған. Оны өзі жеп қана қоймай, сыныптастарымен бөліскен. Кейін барлық баланың мазасы қашқан. Ауруханаға барлығы 23 бала түскен. Ал тәттіні тек 7 бала жеген екен. Бірақ басқа оқушыларға да кері әсері тиген. Олардың көздері жасаурап, денесі қышыған. Қазіргі уақытта балалар жеген тәтті сараптамаға жіберілді.
Дәрігерлер тексеріп, 7 баланың асқазанын шайған. Сол күні 2 баланы ата-анасы үйіне алып кеткен. Бүгін ауданға білікті дәрігерлер барды. Олар балаларды тағы бір қарап шықты. Барлығы 9 баланы қалдырды, ертең үйіне шығарылады,- делінген басқарма мәліметінде.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?