Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАқтөбеде азаматтарды валюта айырбастаймын деп алдаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, 28 жастағы ақтөбелік бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Ұсталған адам ақша айырбастағысы келген өзінің таныстарына тиімді шарттармен ұлттық валютаны АҚШ долларына айырбастауды жүзеге асыруды ұсынған.
Тергеу кезінде күдіктінің тағы осындай 5 фактіге қатысы бар екені анықталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, ол бір долларды 300 теңгеден айырбастайтынын айтып, бір азаматтан 900 мың теңгені иеленсе, екіншісінен осындай жолмен 3 миллион теңге алған.
Анықталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді