22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқтөбе облысының Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы маңындағы Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері институтының ұшу айлағында 22-28 маусым аралығында ұйымдастырылған XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған жиынның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп қатысқан болатын. Дүбірлі додаға елімізден бөлек, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан барлығы 800-ге жуық жас сарбаз келді. Биылғы жиын — Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналып отыр.
Осындай жиындар жастардың патриоттық рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Айбынды ұрпақ – елдің қорғаны. Жастарымыздың бойындағы қайсарлық пен ұлтқа деген адалдықты осы алаңда тағы бір мәрте көрдік, – деп атап өтті өңір басшысы.
«Айбын» жиыны — жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, тәртіп пен бірлікке баулитын, сонымен қатар ТМД елдері арасындағы достықты нығайтатын маңызды халықаралық алаң болып отыр.
Жиын барысында қатысушылар түрлі әскери-спорттық және зияткерлік сайыстарда бақ сынап, тәжірибе алмасып, достық байланыстар орнатты. Шара соңында жеңімпаз командалар мен үздік қатысушылар марапатталып, жиын салтанатты түрде жабылды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев