11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЕмбі полиция бөлімінің қызметкерлері "Охотзоопром" ММ қызметкерлерімен бірлесіп, Мұғалжар ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде ауыл тұрғынынан полиция қызметкерлері рюкзактағы 76 ақбөкен мүйізін тауып, тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігі "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген мүйіздер бойынша сараптама тағайындалды.
Баптың санкциясы үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес