10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбеде әскери қызметкер бюджетке тиесілі 23 млн теңгені құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі Ақтөбе гарнизонының әскери соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша әскери қызметшіге қатысты қылмыстық істің үкімін жариялады.
Сотталушы қаржы қызметі бөлімінің бастығы лауазымында бола тұра, басқарманың бірінші басшысының ЭЦҚ кілтін ауыстырып қолдану арқылы өзінің банктік есепшотына бюджет қаражатынан бірнеше рет заңсыз ақшалай аударымдар жасаған. Заңсыз алынған бюджет қаражатын ұтыстар арқылы өтеу пиғылымен, аталған қаржыны құмар ойынға салған. Нәтижесінде, мемлекетке ірі көлемде 23 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Оны сот әскери атағынан айырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді