Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбе қаласында анасы мен ұлын өлтірген күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» туралы бұлтартпау түріндегі шарасы қабылданған. Екі айға санкция беріліп, ол 31 мамырға дейін жалғасады.
Еске салсақ, 29 наурыз күні сағат 5:30-да «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлаған. Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жаңсақтау бөліміне жатқызылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрді.
Ал жараланып, аман қалған 13 жастағы қызға ота жасалды. Мойын тұсындағы қан тамыры, кеңірдегі кесіліп-тесілген. Қазіргі кезде жәбірленуші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер