Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбеде 61 жастағы ер адам сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотталды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылан ауданаралық сотында Ж.Қартпанбетовке қатысты іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің 121 бабы 4 бөлігімен, яғни, сексуалдық сипаттағы зорлық-замбылық әрекеттері үшін айып тағылды. Іс жабық жағдайда қаралды. Өйткені жәбірленуші 6 жастағы қыз болды. Сотталушы жыныс мүшесін көрсеткен.
ҚР Қылмыстық кодекстің 121 бабы 4 бөлігімен айыпты деп танылсын. Қылмыстық кодекстің 50 бабы 2 бөлігіне сәйкес педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалсын,- деді судья Нұрлан Бақтығалиев.
Сонымен қатар, оған Қылмыстық кодекстің 91 бабы 1 бөлігі 4 тармағы, 98 бабы 2 бөлігі негізінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орнында мәжбүрлі түрде психикалық мінез-құлық бұзушылықтардан емдеу тағайындалатын болады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады