Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбеде әткеншектен құлаған 9 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 18 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Баланың қатты соққыдан басы жарылып, омыртқасы мен қабырғалары сынған.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Кәмелеттік жасқа толмаған баланың қайтыс болуына қатысты іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр,- деп хабарлады полиция.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі 30 минут бойы реанимациялық көмек көрсеткенмен, нәтиже болмаған.
Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бала ашық бас ми жарақатын алғанын, бас сүйегі, мойын омыртқасы, қабырғасы сынғанын, кеуде қуысы қысылғанын хабарлады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады