28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және оның аумақтық департаменттері жемқорлық тәуекелдерін жою және автожол саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, Ақтөбе облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жол жобаларын жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктер анықталды. Мысалы, биыл бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген «Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка» жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін 4 шақырым жол жарамсыз болып қалды. Жобада айналма жол қарастырылмағаны анықталды. Нәтижесінде мердігер инертті материалды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдаған.
Сонымен қатар, келісімшарт жасасу кезінде мердігер үшін 2 жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір жыл ғана белгіленген.
Талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарады, жол жабынын қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?