29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін Ақтөбе облысында ерекше оқиға болды. Бір уақытта 60 ене мен 60 келін дауыс беру учаскесіне келіп, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті, деп хабарлайды El.kz.
Бұл бастама ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық бірліктің жарқын көрінісіне айналды. Ене мен келіннің қатар келіп, ел өміріндегі маңызды оқиғаға бірге қатысуы қоғамдағы ынтымақ пен жауапкершіліктің айқын белгісі болды.
«Біз бүгін Тамды ауылының белсенді әжелері, аналары болып өз келіндерімізді ертіп референдумға келдік. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердік. Сөзімізді жерге тастамайғ соңымздан еріп, ізімізді басып келе жатқан келіндерге ризашылығымызды білдіреміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деп тілегін ақ жаулықты ана Аққағаз Тәжіғұлова білдірді.
Дауыс беру учаскесіндегі көрініс ерекше әсер қалдырды. Мерекелік көңіл-күй, жылы жүздесу, шынайы күлкі мен қуаныш атмосфераны одан әрі жандандыра түсті. Мұндай сәттер азаматтық белсенділіктің тек міндет қана емес, қоғамды біріктіретін маңызды құндылық екенін көрсетеді.
Ақтөбеліктер осылайша ел болашағына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеп, ортақ жауапкершілікті сезінудің үлгісін көрсетті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек