Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза орман» акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акция Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі орналасқан «Заречный-3» тұрғын-жай аумағында да болды.
Акцияға облыс бойынша жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері, «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары бар.
Орман шаруашылығы мекемелері акцияға қатысушыларды қажетті техникалық жабдықтармен қамти отырып, қураған ағаштарды кесу, жол жиектеріндегі, арықтағы күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде Ақтөбе облысы бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғайтын 9 мекеме (Ақтөбе, Үлкен-Борсық, Қарабұтақ, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Орқаш, Байғанин) бар. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы — 217,8 мың гектарды құрайды.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік