23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауылында 54 отбасы жаңа қоныс иелері атанды. Облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданына сапары аясында жаңа баспана иелерін қоныс тойларымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баспана алған отбасылардың бірі - Өзбекстаннан көшіп келген қандас Кәмшат Кукамбаеваның отбасы. Олар бірнеше жыл Достық ауылында тұрған. 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы баспана кезегін 3 жылдай күткен.
Біздің үй кең, жарық және жылы. Отбасымыз үлкен, бөлме жеткілікті. Баспана алғанымызға өте ризамыз. Бұл біз үшін үлкен көмек, - деді ауыл тұрғыны.
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша біз мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Бүгін Сіз көптен күткен баспанаға қол жеткіздіңіз және бұл мемлекеттің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Біз кезекте тұрған әрбір адамның жайлы өмір сүруіне жағдай істейміз. Сіздерге жаңа үйлеріңізде қуаныш көп болсын, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді әкім.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік