6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбе өңірінде жалпыұлттық Наурызнаманың онкүндігі аясында бірқатар шара ұйымдастырылуда. Облыс орталығында 14 наурыз Көрісу күніне орай, «Амал келді – жыл келді» атты мерекелік бағдарлама өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шараның ерекшелігі сол - ақ кимешек киген 100 әже және ақ орамалды 100 келін Ақтөбе көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындарды таңғалдырды.
Мерекелік бағдарлама қазақ мәдениетінде айырықша орын алатын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан маңызды дәстүр «Бастаңғы» көрінісімен басталды. Әрі қарай көш керуенімен ұласты. Тарихымыз бен мәдениетіміз сән-салтанат құрған көш-керуенді «Қазақ аналары - дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе облыстық филиалының аналары, Алматы ауданының аналар кеңесі, аналар алқасы, Алматы аудандық ақсақалдар алқасы бастады.
Ақжаулық әжелер алаңда жиналған жұртпен амандасып, Көрісу дәстүрін көрсетті, келіндер үлкендерге сәлем етті.
Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген шара соңында ақтөбеліктер жайылған дастарқаннан, Наурыз көжеден дәм татты. Одан бөлек, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарға қатысыр, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі