6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбелік жүргізуші өзін медициналық тексеруден өткізуге рұқсат бермей 25 тәулікке заңсыз қамауға алынғаны үшін Қаржы министрлігінен 500 мың теңге өндіріп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Ақтөбелік полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамның мінген көлігін тоқтатқан. Медициналық тексеруге әкелген кезде ол процедурадан бас тартқан-мыс. Әкімшілік сот мұны үкімет өкілінің талабын орындамау деп бағалап, құқық бұзушыны 25 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған.
Тоғызыншы күні ер адам заңсыз жауапқа тартылғанын дәлелдеп, бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағым түсірген.
Сот алқасы жүргізушінің сынақтан өтуден бас тартпағанын, тек оны физикалық түрде жасай алмайтынын анықтады. Бұл ретте сілекейін немесе қанын анализге алуды ұсынды. Осының негізінде сот істі қысқартқан.
Кейін ер адам мемлекетке қарсы шағым түсіріп, оны тоғыз күн бойы заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін екі миллион теңге талап еткен. Сот оның пайдасына шешім шығарып, қаржы министрлігін моральдық шығын үшін 200 мың теңге, заң қызметі үшін 300 мың теңге төлеуге міндеттеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі