23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
6 сәуір күнгі жағдай келесідей:
Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 230,56 текше метр, Сілеті су қоймасынан 151,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 15,21 текше метр су жіберілуде.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 436 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 740 текше метр су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберілуде.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 234,8 текше метр су жіберілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 1186,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 718 текше метр су жіберілуде.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік