23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ақылы автомобиль жолдарының желісін кеңейтуде. Осыған байланысты «Қандыағаш – Мақат» ақылы жолының құрамына «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолының 11-шақырымынан 100-шақырымына дейінгі қайта жаңғыртылған бөлігі енгізіледі.
Жол жүру ақысы учаскелерге қарай әртүрлі болады. Атап айтқанда, 11-шақырымнан 87-шақырымға дейінгі аралықта барлық көлік түрі, соның ішінде жеңіл автомобильдер үшін де ақы алынады. Ал 87-шақырымнан 100-шақырымға дейінгі учаскеде және «Қандыағаш – Мақат» жолының қалған бөлігінде ақы тек автобустар мен жүк автомобильдерінен алынады.
Жол жүру құны жүріп өткен қашықтыққа, көлік құралының санатына, жүк көтергіштігіне және төлем тәсіліне байланысты белгіленеді. Іргелес аудандардың тұрғындарына жеңілдікпен абонементтер қарастырылған. Жергілікті тұрғындардың жеңіл автомобильдеріне арналған жылдық абонемент құны 1 АЕК болады. Ал жергілікті автобустар мен жүк автомобильдері үшін көлік санатына қарай айлық абонемент құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін, жылдық абонемент 12-ден 60 АЕК-ке дейін белгіленеді.
Жиналған қаражаттың барлығы жол инфрақұрылымын күтіп ұстауға және жөндеуге, сондай-ақ арнайы техника сатып алуға жұмсалады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Олар алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік