30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТаразда Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшыларының қатысуымен екі елдің үкіметаралық кеңесінің отырысы, I өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Маңызды шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров та қатысты.
Форумның пленарлық отырысы аясында Қазақстанның Ақтөбе облысы мен Қырғызстанның Жалал-Абад облысы арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум жасалды.
Құжатқа Асхат Шахаров пен Қырғызстан Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы өкілі Әбсаттар Сырғабаев қол қойды.
Меморандум өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және энергетика, тау-кен өндіру, өңдеу, тоқыма, химия және тамақ салаларында бірлескен өнеркәсіптік қызметті іске асыруға, сондай-ақ сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастықты дамытып, кәсіпкерлер арасында байланыс орнатуды көздейді.
Қос тарап сондай-ақ Ақтөбе және Жалал-Абад облыстарының туризм, экскурсиялық және көрме-жәрмеңке қызметі саласындағы ұйымдары арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға мүдделі.
Бұдан өзге, спорт ұйымдары, ғылыми және білім беру мекемелері, шығармашылық ұжымдар және т. б. арасындағы ынтымақтастық беки түседі.
Айта кетейік, биылғы жылдың 6 айында Ақтөбе облысы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 22,0 млн долларды құрады және былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 есе өсті.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды