Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАқтөбе облысының Мұғалжар ауданы бойынша су тасқыны кезінде барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалды. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, Мұғалжар ауданы бойынша 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда тасқын кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында 9 үй, Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр.
Сонымен қатар Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 55 отбасы баспаналы болды.
Баспаналы болған 55 отбасы - көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ембі қаласы, Жағабұлақ, Бірлік, Басшилі, Қаракөл, Шеңгелши ауылдарының тұрғындары. Оларға барлығы 971 млн 712 мың теңгеге үйлер сатып алынып берілді, - делінген мәліметте.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді