Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚР Қорғаныс министрлігінің №30238 әскери бөлімінде әскерге шақырылған ақтөбелік азаматтарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орайластырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір басшысы Асхат Шахаров жастарды өмірлеріндегі жауапты және маңызды кезеңмен құттықтап, сәт-сапар тіледі.
Бүгін міне Сіздер, әрбір азаматтың борышына айналған Отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау үшін әскерге аттанып барасыздар. Әскерде жүріп, күш-жігерді бойларыңызға сіңіріп, батыл әрі шыдамды болуға үйренесіздер, Отанға адал қызмет ету деген ұғымды өзгелерге үлгі етесіздер. Отан алдындағы қасиетті борыштарыңызды үздік, абыроймен атқарып, әскери анттарыңызға адал болыңыздар, - деп атап өтті облыс әкімі.
40 жас Отан алдындағы борышын өтеу үшін Семейдегі №30127 әскери бөліміне аттанды. Бұл азаматтар әскерге аттанардан бұрын медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден және кәсіби іріктеуден өткен. Аталған іс-шараға болашақ сарбаздарды ата-аналары, достары мен жақындары шығарып салуға келген.
Біз сіздердің әрқайсыларыңызды мақтан тұтамыз. Әскерге бару – жауапты қадам. Қызмет қызықты болсын, елге, үйге қайсар азамат болып, аман-есен оралыңыздар, - деді Эльмира Құлманова.
Сонымен қатар, салтанатты шарадан соң, «Ашық есік күні» шарасы өтіп, заманауи әскери техника мен қару-жарақ көрмесі мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілеріне таныстырылды.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес