Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі әкімдік сайтына сілтеме жасап.
Ойыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, 20 наурыздан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғаны туралы жазылған. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың өзі басқарады. Ақтөбе облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданда 11 үйді су басқан.
Су тасқынында 11 үйге су кірді. Оның үшеуі – бос тұрған үй. 2 үйдің дәлізіне зақым келген. 12 аула аумағын (сарай, қора) су шайды. Адам өлімі, мал шығыны жоқ, - деп хабарлады облыс әкімі баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбеде Ойыл өзені тасып, тұрғындар эвакуацияланған болатын.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер