28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтөбе облысы Ойыл ауылында техникалық көпір іске қосылды. Енді тұрғындар үшін аудан орталығына қатынауда кедергілер жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Ойыл, Көптоғай, Қараой, Сарбие ауылдық округтерімен жол қатынасы үзілген болатын. Аталған техникалық көпірді іске қосу арқылы бұл мәселе шешілді.
Техникалық көпір біржолақты бағыттағы қозғалысқа арналған. Уақытша көпірден жеңіл көліктер кезектесіп өткізіледі.
Еске салайық, 15 наурызда Ойыл ауданының Ойыл ауылы аумағында уақытша салынған үйінді өткелді су бұзған еді.
Өңір басшысы Ойыл ауданына жасаған жұмыс сапарында ауылдың кіреберісіндегі Ойыл өзені арқылы техникалық көпірді тез арада пайдалануға беруді қатаң тапсырып, жеке бақылауына алған еді. Құрылысқа 25 арнайы техника және 75-ке жуық адам тартылды, олар тәулік бойы жұмыс істеді,-деп атап өтті әкімдіктен.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?