23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Донской тау-кен байыту комбинатының карьерінде болған жазатайым оқиғада 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Апат салдарын тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті комиссия құрып, тексеру жүргізеді.
«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Донской тау-кен байыту комбинатының «Молодежная» шахтасының Мирный карьерінде апат 2024 жылдың 30 қазанында шамамен сағат 13:14-те болған. Самосвал жүргізушісі азамат С. шахта жұмысшысы азамат Ж. тиелген материалмен Мирный карьеріне бара жатады. Мирный карьеріндегі екінші бұрылыстан өтіп бара жатып, самосвал жүргізушісі рульге ие бола алмай, карьердің сол жақ шетіне шығып, соның салдарынан самосвал аударылып кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері жұмысшылардың қайтыс болғанын анықтады.
Адам өліміне әкелген жазатайым оқиғаны тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайтын комиссия құруда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік