Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтөбе облысының Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі күрделі жөндеуден өткен мектеп пен балабақшаға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектепте 700 оқушы оқиды, 141 мұғалім жұмыс істейді.
Бюджеттен 478 млн теңге жұмсалды. Сондай-ақ асхана, спортзал және компьютерлік классқа жаңа жабдықтар, жаңа үстелдер, жиһаз, интерактивті тақталар, сабаққа арналған музыкалық аспаптар сатып алынды. Мектеп ауласында шағын футбол алаңы бар. Қыста оның орнына мұз айдыны құйылды.
Мектептен кейін әкім №12 «Бөбекжай» балабақшасында болды.
Мектепке дейінгі мекеме 1963 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Бой көтерген уақыттан бері балабақшада күрделі жөндеу жүргізілмеген. 140 бала мұнда тәрбиеленіп жатыр.
Ауылдардағы мектептер мен балабақшаларда балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Сапалы білім-болашағымыздың табысының кепілі. Біз балаларымызға оқу және даму үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуды жалғастырамыз. Мұндай жаңартулар оқу сапасын жақсартып қана қоймай, ауыл тұрғындарының күнделікті өмірін жайлы етуге көмектеседі, - деді әкім.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары