Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАқтөбе облысында «Самара – Шымкент» тас жолында жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы жұмыстардан қайтып келе жатқан министрлік пен облыстық ТЖД қызметкерлері жолда аударылған жүк көлігін байқап қалған.
«Құтқарушылар жүргізушіге алғашқы көмек көрсетіп, кәсіби әрі жедел әрекетінің арқасында көлікті дөңгелегіне тұрғызды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құтқарушылар көлік жүргізушілеріне жолда абай болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар