Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысының Мұғалжар ауданында жер қойнауын пайдаланушылар жер заңнамасын өрескел бұзған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақтөбе облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің лицензиясы мен жер учаскесіне қатысты құжаттарсыз жер қазу жұмыстарын жүргізгені белгілі болды.
Кен орнында шамамен 10 гектар аумақта, тереңдігі 5 метрге дейін жететін көлемді жұмыстар жүргізілген. Бұл ретте топырақ жамылғысын сақтау талаптары сақталмаған. Құнарлы топырақ қабаты алынбай, құрылыс құмымен араласып кеткен, бұл оның жойылуына әкеп соқтырған. Мамандар мұндай жерлерді қалпына келтіру көп уақыт пен шығынды қажет ететінін атап өтті.
Сонымен қатар, кен орнына апаратын жол заңсыз түрде шамамен 1 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер арқылы төселгені анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша ЖШС-нің әрекеті жерді бүлдіру ретінде сараланып, заңды тұлғаға 700 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?